Ыбырай алтынсарин

У нас вы найдёте кучу рефератов, бесплатных курсовых работ и сочинений на Ыбырай алтынсарин. Мы также предлагаем множество бесплатных научных работ и отзывов по книгам специально для вас. Вы можете просмотреть нашу коллекцию курсовых работ или воспользоваться нашим поиском.

Ыбырай алтынсарин

[pic]
                                                        ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ
                                                                  (1935-1965)
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ Ш. Ш. Уәлиханов      отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады.Оның қысқа да  жаркын  өмірі   мен ғылыми қызметі қазақ  халқының көпғасырғы   дамуының, рухани ізденіністерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, қоғамдық ой-сана,   пікір-тұжырым   биіктей   өркендеуіне ыкпал етті.
Шоқан     (шын   аты — Мұхаммедханафия) Шынғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың ноябрь айында Құсмұрын    бекінісінде    атақты    аға сұлтан   Шыңғыс   Уәлихановтың   әулетті  семьясында  дүниеге  келген.  Арғы  атасы  Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік  көрсеткен, ел бірлігін сақтауға едәуір еңбек еткен ақылды    қолбасшы,    іскер    дипломат,  амал-айласы   мол,   Орта   жүз   ханы   болған. Оның    үлкен ұлы Уәли    (Шоқанның    туған атасы) қайтыс болғаннан кейін хан шаңырағы, хандық билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалған. «...Айғаным мен оның балалары Россияға адал ниетін сақтап қалды. Уәли канның осы жесіріне Александр I аса бір ықылас білдірді. Сөйтіп қазақ даласында оған сәулетті үй салып беруге әмір етті. Сол үйде Шоқан Уәлиханов туып еді» — деп жазды П. П. Семенов Тян-Шанский. Жасында Шоқан әжесі Айғанымның ықпалында болған.
1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадет корпусына оқуға орналастырады. Жабық әскери оқу орны болғанмен, онда көптеген пәндер оқытылуы, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ беруі, Омбының көзі ашық оқыған адамдарының семьяларымен араласуы, көп оқып білімін тереңдете түсуі Шоқанның рухани өсуіне, келешек тағдырына едәуір ықпалы болған.
«Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озьш отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шоқан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып...

Реферат полностью