1235

  • 30 марта 2011 г.
  • 45250 Слова
1. Ғылым ретінде Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері мен және оның зерттеулерінің көкейкестілігі.Тарих (араб сөзі-зерттеу,оқиғалар жөнінде әңгіме) адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. Тарихты білу алдымен өзің туып өскен өлкеңді, еліңді оқып-үйренуден басталды. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпыадамзаттық даму тұрғысынан қарастырамыз. Тарихтың негізгі мақсаты-ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған.Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. XXI ғасырдың Қазақстан азаматы, өзін Қазақ мемлекетініңөкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының тарихын білуге тиіс.Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды. Оның халқымыз, ұлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. Бүгінгі таңда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Ұлттың тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам-өзімді -өзім тану деген сөз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек.Яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезінуі қажет. Сонда ғана ол өзінің ұясын тапқан құс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихы, қоғамдық ортада жүргенін сезінеді. Сонда ғана адам өзін толық қанды адаммындеп санай алады. Ал енді қай ұлттың өкілі екенін білмей, айдалада лағып жүрген, қайда барарын білмей адасып қалған адам ешуақытта ешкімге жақсылық жасамайды. Қазақстан тарихының негізгі бөлшегі тарихи деректер болып табылады. Тарихи деректер-тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі. Деректану- тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті- тарихи деректердің пайда болузаңдылықтарын және олардың шындыққа қатынасын зерттеу. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесі барысында пайда болды.Алғаш жазба деректер тек нақты тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде пайдаланып, зерттелді. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежедебейнеленетіні көріне бастады. Қазақстан тарихының деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар:
* ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және әдіснамалық саласынан білім беру;
* пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру;
* тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып,олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.
Сонымен, теориялық-әдіснамалық, ақпараттық және әдістемелік мәселелер бір-бірімен байланысты қаралады. Әдістемелік мәселелерді ашу деректерге шолу жасаумен қатар жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар,негізінен,деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, әр түрлі деректердің ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді.
2. Қараханидтер мемлекеті: оныңэтносаяси тарихы, әлеуметтік, экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
Саяси тарихыҚарахандықтар мем-нің қалыптасуында жетісуды мекендеген қарлұқ бірлестігінің тайпалары басты рөл атқарады.Карахан әулетінің негізін салушы—Сарұқ Боғра хан( Білге Құл Қадыр ханның немересі,915-955жж)Ол ислам дінін қабылдаған билеуші саманилерден қолдау тауып, туысы Оғұлшақты жеңіп,Тараз бенҚашғарды бағындырады. Нәтижесінде,бірңғай бір орталыққа бағынған қарахан мемлек-ті құрылды(942 ж) қарлұқ қағанатының ыдырауына байланысты Жетісу мен Қашғар аралығы қарахан мемлекетіне қарады.
955 ж –Мұса хан билігі орнады (Сатұқ Богра ханның баласы)960 ж – Мұса хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.
Мемлекет тереториясына қосылған аймақтар:990 ж –Тараз,...
tracking img