Bhvjhsc

  • 27 марта 2011 г.
  • 3565 Слова
Бизнесті және құрылтайшылық құжаттарды
зерделеу
Аудітті жүзеге асыру туралы шешімді қабылдау үшін алдыменәлеуетті кли-енттер туралы ақпараттарды алып, зерделеу қажет. ХАС 310 «Бизнес білімінде» аудитор қаржылық есептемесіне әсер етуі ықтимал операциялар мен нақты қызметтерді, оқиғаларды жеткілікті дәрежеде түсініп, анықтау үшінклиенттің бизнесі туралы білу керек делінген.
Тексеруден өткен шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметімен танысқаннан кейін орындаушылар, мерзімі, жоспарлау, аудиторлық тәуекелдікті және клиенттің ішкі бақылау жүйесін бағалау, сарапшыларды шақыру, басқа да аудиторлар жұмысының нәтижелерін пайдалану туралы стратегиялық сипаттағы маңызды шешім қабылданады.
Аудиторлық тексерулердіңкөлемін анықтауда оның жүзеге асырылуы тексерудің жағдайына қарай болатын және аудиттің мақсаттарына қол жеткізуді көздейтін жұмыстың сипаты мен ауқымы туралы аудитордың кәсіби пікірінің мазмұны болып табылады. Бұл арада қолданыстағы нормптивті – құқықтық актілердің талаптарына, келісімшарт ережелеріне сәйкес және клиент бизнесі туралы білімді ескерту арқылы аудитті жүргізудіңнақты ерекшеліктеріне қарай әрекет ету керек.
Аудиторлық ұйым аудиторлық процедураны жүргізудің түрлері, саны және тереңдігі; жұмсалатын уақыт (уақыт шығыны ); тексерулерді толық жүзеге асыруға және негізі бар аудиторлық есеп беруді дайындауға қажетті мамандардың саны мен құрамы туралы шешімдерді дербес қабылдауы керек.
Осыған орай, тексеруші клиенттің қызмет саласына, оныңұйымдық құрылымына және операцилардың сипаттамаларына қатысты мәселелерде алғырлық яғни зеректік таныту керек. Мәселен, мұндай мәселелерге мыналар жатуы мүмкін: өнім шығаратын, қызмет көрсететін қызмет түрлері, капиталдың құрылымы, іскер серіктестер, клиенттің және оның бөлімшелерінің орналасқан мекені, жабдықтау және өндіру мен өткізудің әдістері. Клиенттің бизнесі туралы білім алуы ақпараттардыбағалаудың және алынған білімді аудиттің барлық кезеңдеріндегі аудиторлық дәлелдермен және ақпараттармен ұштастырудың ұдайы процесі болып табылады. Клиенттің бизнесі туралы білім аудитордың кәсіби пікірін қалыптастыратын өлшем ретінде болады.
Құрылтайшылық құжаттарды тексеруде аудитор мыналарды белгілеуі қажет: жарғының құрылтайшылық келісімшарттың және кәсіпорынның мемлекеттіктіркелуі туралы куәлігінің бар болуын;
- кәсіпорын қызметінің мазмұнын;
- кәсіпорын құрылтайшысын;
- жарғылық капиталдың мөлшерін және жарғылық капиталдың есебіне салым ақша қосатын әр құрылтайшының үлесін;
- кәсіпорынның (мемлекеттік кәсіпорын, серіктестік, акционерлік қоғам және
т.б.) құқықтық ұйымдастырушылық формасын;

4

- резервтерді және басқа да қорларды құру жарғыда қарастырылғанба;
- кәсіпорынның Қазақстан Республикасы аумағында және шетелдерде дербес баланс бөлінген өз филиалдары мен басқа да құрылымдық бөлімшелерін ашу
құқығы;
- жеке қызмет түрлерін жүзеге асыратын лицензияның қолда болуын;
- құрылтайшылық құжаттарға өзгерістерді (егер ол болса) уақытылы енгізу;
- кәсіпорынның таза табысын бөлу тәртібін;
- кәсіпорынның басқару органдарыныңөкілеттігін.
Бұл деректер қаржылық есептеменің аудиторлық тексерулерін тізбек-тілігін жүзеге асыруға аудиторға қажет болады. Аудитор кәсіпорын айна- лысуы тиіс қызмет түрі жарғыда көрсетілетінін есте ұстауы керек. Кейбір кәсіпорындар өндірістік қызметтен бастап инжинирингтік немесе консалтин-гтікке дейін көпдеген әдістермен айналысатынын атайды. Алайда олардың барлығы қазіргіуақытқа тән болып отырған бастапқы капиталды жинап алуды қамтамасыз ететін сауда-саттық және делдалдық қызметтерді атап кетеді.
Клиент - кәсіпорын қызметінің көп қырлы болуы аудиторларға айтарлықтай қиындықтар тудырып отыр, өйткені бір ғана ұйымнан өнеркәсіп өндірісін де, сауданы да және бұрын қоғамдық тамақтандыру деп аталғанды да (бар, кафе,...
tracking img