,Jlbaktrc

  • 13 марта 2011 г.
  • 302 Слова
Қазақ халқының XVIII ғасырдағы мәдениеті.
Қазақ халқының XVIII ғасырдағы мәдениеті өткен дәуірдің мәдениетімен, оның озық дәстүрлерімен сабақтасқан байланыста болды. Сонымен қатар бұл кезде ондажаңа құбылыстар да бой көрсетті. Халықтық мәдениет пен феодал - байлар мәдениеті арасындағы қайшылық айқынырақ білінді, рас, ол әлеуметтік-экономикалық жағынан неғұрлым дамыған мемлекеттер мәдениетіндегідейонша айқын көрінетін нысандар ала қойған жоқ еді.
XVIII ғасырға дейін қазақ ақындарының есімдері, олардың әрқайсысының шығармашылығы, олар өмір сүрген уақыт белгісіз дерлік еді. Сыпыра жырау, Шалкиізжырау және басқалар шежірелерде, аңыз-әңгімелер мен эпостарда ғана аталады, бірақ олардың өмірі мен шығармашылығы жайлы нақты деректерді біз білмейміз. Тек XVІII ғасырдың орта кезіңен, қазақ жерініңедәуір бөлігі Ресейге қосылған кезден бастап орыстың ғалымдары мен казақ зиялыларының жекелеген өкілдері ақындар, импровизатор-әншілер, жыршылар туралы деректер жинап, олар шығарған өлендер мен жырлардыңтекстерін жинауды қолға алған. Ақындар мен жыршылардың кейбіреулері шығармаларын өздері жазып алып отырған. Соның арқасында олардың өлеңдерінің түпнұсқа текстері сақталып қалған.
Қазақ әдебиетітарихында көрнекті орын алған XVIII ғасырдың белгілі жырауы Бұхар жырау Қалқаманұлының (1685-1777) бірнеше туындысы сақталған, ол осы күнгі Павлодар облысының Баянауыл ауылында туып-өскен. Жырау феодалдық құрылыстысақтап, нығайту идеясын білдіретін көптеген дидактикалық өлең-толғаулар шығарды. Орта жүздің ханы Абылайды қолдап, кейбір жағдайларда оның ел басқару жөніндегі істеріне, әр түрлі таластар мен дау-жанжалдышешуіне елеулі ықпал жасап отырған.
Бұхар жырау сонымен қатар шығармаларында өз заманындағы кейбір маңызды тарихи оқиғаларды дұрыс бейнелеп көрсетті, өзекті тақырыптарының бірі - Отанына дегенсүйіспеншілік, патриотизм. Ол қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресін жырлады, халықты бірлікке, ерлікке шақырды, бұл күрестің қаһармандары -Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек...
tracking img