Makeshka

  • 27 февр. 2011 г.
  • 6863 Слова
1.Инвестиция түсінігі және оның экономикалық мағынасы.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілер, салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғалар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалдық бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретіндеанықталады және осының бәрі- пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.
« Инвестиция» термині латынша investire – « жұмылдыру» мағынасын береді. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестиция туралы былай жазды: « Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретіннәрселерді « таза инвестицияландыру» немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады.
Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үмітарта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал.

2.Инвестициялардың жіктелуі
Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:
1) инвестициялардың түрлері;
2) ақша құралдарын салу объектілері;
3) инвестицияландыруға қатысу сипаты;
4) инвестицияландыру кезеңі;
5) меншіктүрлері;
6) инвестордың қатысу түрлері;
7) тәуекел дәрежесі;
8) ұдайы өндіріс түрлері.
1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
* ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;
* жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
* авторлық және интеллектуалдық құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар.
2. Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестицияларбылайша бөлінеді:
* нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар – кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер – ғимараттарға , станоктарға, қосымша материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;
* материалды емес активтер-лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісініің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
* қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы- депозиттер, құнды қағаздар, банктық салынымдар.
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша:
* тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауғаинвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі;
* жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы жүзеге асады.
4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:
* қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды;
* ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
5. Меншік түрлері бойыншаинвестициялар мына түрлерге бөлінеді:
* азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың және ақша құралдары;
* мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көзінен қаржыландырылады.
6. инвестордың қатысу түріне байланысты:
* қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырғанкәсіпорындардың бір бөлігін иелену;
* инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
* жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу.
7. тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
* тәуекелсіз...
tracking img