Matem

  • 03 апр. 2011 г.
  • 1238 Слова
Сабақтың тақырыбы: Бұйымдарға қолданылатын ою- өрнек түрлері.
Сабақтың мақсаты: ою- өрнек туралы түсінік беру.
Білімділік: қазақ халқының ою- өрнек түрлеріне сипаттама беру.
Дамытушылық: ою- өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәриелік:ою- өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан- жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт- дәстүрін, өнерін құрыметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрінекілігі: слайдтар: «Ә.Қастеевтің сөзі», «Ою-өрнектер», «Сергіту сәті»,«Б.Момышұлының сөзі».
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, әдебиет, математика.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандас, түгелдеу. Екі топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Сырғалар пішініне қарай қалай бөлінеді?2. Сырғалар жасалатын материалына қарай қалай аталады?
3. Шолпы мен шашбау қандай құймалардан қалай жасалады?
4. Шолпы мен шашбауды не үшін тағады?
5. Білезік дегеніміз не?
6. Тамақша дегеніміз не?
7. Тамақша неден жасалады?
8. Білезіктің қандай түрлері бар?
9. Алқа қандай бұйым?10. «Алқа сырға» деп қандай бұйымды айтады?
3. Жаңа сабақ.
Өнерді таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Қошқардың мүйізінен үйрендім.
Ә.Қастеев.
Халық арасында кең қанат жайған қолданбалы өнерсаласының біреуі зергерлік болса, екіншісі ағаш өңдеу өнері. Қазақ халқының қолөнерінің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі ою-өрнек өнері.Қазақтың қолтума сәндік өнерінің барлық түріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады.
Қазақтың ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан балаға,ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Оған мысал ретінде «Сырмақ шерткен сыр» аңыз әңгімесін айтуға болады.
Ертеде бір әділ хан болыпты. Оның жарлығымен қол астындағы халық үй жиһаздарын, киім-кешек, құрал-саймандарын, қару-жарақтарын ою-өрнектеп әдемілеп ұстайтын болған. Сондықтан оны халық Ою хан атапты.Бір жылдары бөтен елдің ханы жаулап алып, Ою ханды зынданға тастапты. Ою ханның орнына хан болып, бұрынғы салт-дәстүрді, ою-өрнекті жойып, жаңаша құрмақ болады. Жаңа дегендерінің бәрі тез ұмыт бола береді. Оған жөн айтқан адамдардың көзін жоя берген. Сондықтан оны халық Жою хан деп атапты.
Бұл кезде Ою хан зынданда жағдайдың бәрін естіп-біліпжатыпты. Бір күні Жою ханның жалғыз ұлы аңға шығады. Жолдағы аңның бәрін түгел қырып, ойына келгенін істеп келе жатырғанда бір үкі мұның бетіне шапшып, екі көзін ойып жібереді. Еш нәрсе көре алмай тентіреп келе жатып, жардан құлап көлге батып өледі. Жою хан баласына іздеу салады.
-Кімде-кім баламның өлімін естіртер болса, соның басыналамын,- деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармай.
Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге баратынын хабарлайды. Жою хан оны зынданнан шығарып, жолға салады. Ол дәрі-дәрмегін алып орманды аралап келе жатса бір тастың астынан:
-Жойылсын, Жою хан! –деп қиналған дауысты естиді. Тасты көтеріп қараса, жамбасына оқ тиіп, күйреген сұр тышқанды...
tracking img