Neznau

  • 31 марта 2011 г.
  • 1253 Слова
Ұйымның қаржылық жоспары

Ұйымның қаржылық жоспары– кәсіпорын қызметінің сапасын айқындаушы және оны басқарудағы негізгі құралдарының бірі болып табылады. Бизнес-жоспарды құру кәсіпорынды басқару сапасынжоғарылатып, оның ресурстарын тиімді пайдалануға жол береді. Нарық шарттарында және қатаң бәсекелік күресте кәсіпорын ішкі және сыртқы өзгерістерді есепке алып, тез арада керекті амалдардықолдануы тиіс.

Бұл бірнеше шарттарды орындағанда ғана жүзеге асады:

басқарма және оның инвесторлары қазіргі кездегі қаржылық жағдайды дұрыс бағалап, нарықтағы орнын анықтауы керек;
кәсіпорын жетістікке жетуі үшін өзінің нақты және актуалды мақсаттарына ие болуы тиіс;
мақсат қою барысында менеджмент қарқынды түрде жоспарлауды қолданады және ол қатаң қадағаланып, жоспардың әр пунктінің орындалғанынакөзін жеткізуі қажет;
кәсіпорын басқармасы және инвесторлар нарықтағы жағдайды толық түсініп, ішкі және сыртқы процестерді толық зерттеуге алады.
 Ұйымның қаржылық жоспары ішкі және сыртқы мақсаттарға байлансыты құрылады. Көбінесе, бұл жағдайды біздің елдің компаниялары инвестиция тартар алдында жасайды. Алайда, бұл жұмыстың бір бөлігі ғана, себебі ол тек қана сыртқы мақсатта ғана емес, ішкі мақсатқаорай да құрылады.Ұйымның қаржылық жоспары ішінде қызығушылық танытып отырған жақтар, яғни салымдарының қарқындылығын бағалау үшін салым жасаған инвестор және кеңес беруші және атқарушы кәсіпорын арасында бизнес-жоспарлау жасалады.Бірінші кезекте, Ұйымның қаржылық жоспарлау инвесторға қажет болып табылады, себебі, олардың кәсіпорындарының жағдайы жоспарға тікелей байланысты болады. Осы себептен,бұл бизнес жоспарлау инвестордың қатысуынсыз жасалынбайды. Егер бизнес-жоспарлау дұрыс жолмен жүріп, өз мақсатына жетсе, онда инвестордың табысы молая түседі.
Ұйымның қаржылық жоспары кәсіпкерге беретін мүмкіндіктері:
 өз идеяларын жасап, оның қағаз жүзінде есептеулер жүргізіп, өмір сүру ұзақтылығын тексере алады;
мұндай қағаздағы (виртуалды) вариант ішіндегі идеялар көптеген қателіктерден жәнекерегі жоқ шығындардан құтқарып, өз қаражатын және уақытын үнемдеуге көмектеседі;
кәсіпкерге кәсіпорынның жұмыс істеу механизмін жақсырақ түсіндіріп, нарықтық ортада қателіксіз жұмыс істуіне көмегін тигізеді;
Ұйымның қаржылық жоспары жасап, бітірген кезде ол кәсіпкерге көздеген мақсатына жетуге көмектесетін нақты зерттелген карта немесе схема ретінде қызметін атқарады.Ұйымның қаржылық жоспары басқабіреу жасағаны үшін құнын төлеп, жай ғана  инвестициялық проектіні алам деп ойласаңыз – бұл қателік болады. Себебі  инвестор жай ғана «шикі» вариантты алып, оның сұраныстарын қанағаттандырмауы мүмкін. Бұл кәсіпкер үшін тағы да шығындарға әкеледі.Ұйымның қаржылық жоспары жасау барысында көптеген ақпаратты жинау мен өңдеу үшін көп күшті қажет етеді. Ал кейінгі қаржылық жоспарлау оңайырақ түседі, себебіол уақытылы салымдар, жоспарға өзгертулер мен толықтырулар және нарық жағдайына тез арада әсер етуді ғана талап етеді.Жоғарыда айтып кеткен мәселе бойынша қорыта айтқанда, бизнес-жоспарды жасау үшін өз уақытыңыз бен қаржыны дұрыс жұмсасаңыз - өзіңіздің қалаған жетістігіңізге тез жетесіз.
 
Инвестициялық проектілердің типтік құрылымында мына бөлімдер көзделеді:
1.    Көрсетімділік бет– мұндакомпания аты, заңды және нақты мекен-жайы, телефоны, e-mail және сайтының аты (егер ол бар болса), компания иеленушілерінің толық реквизиттері, проектінің аты және оған қысқаша нұсқаулары және проектінің орындалған күні  жазылады.
2.    Проект резюмесі– ол проектінің негізгі бағытын және қорытындыларын қамтиды. Резюменің мақсаты – инвесторды қызықтырып және оны проектімен таныстыру.Резюме көлемі 2-3бетті құрап, терминсіз жай сөздерді қамтуы тиіс. Ол инвесторға бұл проектінің пайдасын және салымының перспективасын көрсетеді.
3.    Компания туралы мәлмет– ол компания туралы мәліметтерді қамтып, инвестициялық проектіні ұсынады. Онда компания иеленушілері туралы ақпарат, компания мақсаты, негізгі өнімдері меня компанияның нарықтағы орны көрсетіледі.
4.    Өнімі немесе...
tracking img