Stexotvorenye po kazaksky

  • 16 янв. 2011 г.
  • 4466 Слова
Ілияс ақынға арнау

Біз қазақпыз ұлысын ардақтаған,
Шабыттана өлеңді тармақтаған.
«Қазағым» деп жырлаған ақын бабам,
Мен сіздерге жырымды арнап бағам

Біздің халық бай шіркін ақындарға,
Ілиястай арқалы ақын барда.
Ақындыққа жас ұрпақ ұмтылады,
Әдебиеттің шыңында атың барда.

Жас шағынан бұлыңғырға кездескен,
Бала шақта-ақ сұм өмірмен жүздескен.Бала шақтан болашаққа ұмтылды,
Сонда дағы еш үмітін үзбестен.

Көп болса да найза көздер шалдырған,
«Иттерді үрген» тек артында қалдырған.
Ақындықтың шығып биік шыңына,
Қазағының шөлін жырмен қандырған.

Ауыз толар айтса өлең жырыңды,
Ақтарады жан дүниеңді сырыңды.
«Күйші», «Күй» мен «Сағана» һәм «Құлагер»,
Айқын ашар тар заманды бұрынғы.Әдебиетте орның бөлек нар тұлға,
Ұстанымың бопты «Алға, тартынба!»,
Жырларыңды оқиды ұрпақ сүйсініп,
Өшпейтұғын із қалдырдың артыңда.

Бізге сыйлап, кеттің маржан, жақұтты,
Біз ұрпағың едік неткен бақытты!
Менің де өз жүрегімде жырым бар,
Өлең жазам, бос өткізбей уақытты.

Қызығамын жырларыңды жаттауға,
Тырысамын мұраңызды сақтауға.
Ақындықтанжалғап баба мирасын,
Уәде етем, ел үмітін ақтауға!

2009 – 10 ж Аудандық І. Жансүгіров оқуында
ІІ орынды иеленді

Қайсар бабама...
----------------------------------------
Қара таудың қабырғасын қаусай сөккен қаранар,
Кім келеді қайсар жүрек ерлігіңе пара-пар,
Қас жауыңа құрбан еткен жаныңды,
Мұңайма ақын жырлайтұғын таң атар.

Тарлан боздай да шапқан арғымақ,
Қалай сенің ерлігіңнен бүгінгі ұрпақ қарғымақ,
Дариядай көлге құйған толықтырып,
Өзегіңнен бастау алар бар бұлақ.

Қарт маралдай тауда ойнаған тосырқап,
Тоқталмаған қара бұлттай жасырқап,
Бүгінгі ұрпақ ерлігіңе тәнті боп,
Атағыңды алтыАлашпен асырмақ.

Махамбеттей асыл ердің ұрпағымыз ұлықты.
Қолың жауға дес бермейтін құнықты.
Өжеттікпен өрге шығар қазақпыз,
Салдырмайтын көлденеңге құрықты.

Тартынбай сөйлер асылмын ...

«Тартынбай сөйлер асылмын»
Деп жырлап кеткен асылдың,
Мұраға қалған сөзінен,
Ұшқынын көрдім жасынның.

Бұл сөзді айтқан ер бабам,Еліктейді өзіңе өр балаң.
Мен де жырды ат қып шабайын,
Тізгінді бүгін бер маған.

Ақын қазақтың мен де бір,
Жыр құйқылжытар ұлымын.
Ел- жұртым көріп , көтерсе,
Мендей бір асау құлынын.

Мен едім елдің ұланы,
«Тек алға» болған ұраны.
Жүретін елдің ұлымын,
Аузынан түспей құраны.Жырласам келіп шабытым,
Бір алып алсам бағытым,
Мойнымнан түсіп қалады ,
Ұят – ау деген қамытым.

Мен де бір өзен сағасы,
Берілмей жүрген бағасы.
Мен топтан озар сәйгүлік
Дұрыс та болса тағасы.

Мен басы қатты тұлпармын,
Алдымын талай тұлпардың,
Аң көрсе қомдап қанатын,Томаға бұзар сұңқармын...

Махамбет ақынның ізімен шығарылған.

[pic] Жалаулы найзалы жалынды ақынға [pic]

Көп сұңқарға қанат берген бұл қазақтың даласы,
Сонау жердің суын ішкен қазақтың бұл данасы,
Нарын құмның қырларында ойнап өскен жел қуып,
Соның бірі – ер Махамбет, Өтемістің баласы.

Өтемістің екіншісі ойлы көзді,ерек- ті,
Жас кезінен сөзге шешен, тілге және зерек – ті,
Озбыр таптың отаршылдық езгісі мен билігі,
Сол балаға жігер беріп , Махамбеттей ер етті.

Бар қазақтың мақтанышы, көркем сөздің шебері.
Маржан жыры шөл қандырса іше бергің келеді.
Асанқайғы , Қазтуған мен Доспанбеттен үлгі алған.
Тағылымды өлеңіңнің ұрпаққа мол берері.

Сегіз қырлы , бір...
tracking img