Verb

  • 31 марта 2011 г.
  • 1796 Слова
СОТ ЖҮЙЕСІ

1. Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.
2. Жергілікті соттарға мыналар жатады:
1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардыңқалалық соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар );
2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық , мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар ):
3.Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.
4.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген мөрі болады.

Сот жүйесінің бірлігі

Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі:
1) Конститутцияда , осы Конститутциялық заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ жәнебірыңғай сот төрелігі мен принциптерімен;
2) сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарға белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;
3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолданумен;
4) заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;
5) заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындаорындаудың міндеттілігімен;
6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасындағы соттар қызметінің тәртібін және судьялардың мәртебесін белгілейтін заңдар
Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі , сондай-ақ сот төрелігін іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен , осыКонститутциялық заңмен жне басқа да заң актілерімен белгіленеді.

Аудандық және оларға теңестірілген соттар
Аудандық және оларға теңестірілген соттарды құру

1. Аудандық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі – аудандық соттар) уәкілетті органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастыралы жәнетаратады.
Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік- аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік –аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін.
2.Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
3. Әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізіндеуәкілетті орган белгілейді.

Аудандық соттың құрамы

1. Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңлы белгіленген тәртіппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.
Егер аудандық сотта штат бойынша бір судья (бірқұрамды сот) көзделсе,ол осы соттың төрағасы өкілеттігін атқарады.
2. Аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келісеотырып, облыс соттарының әкімшісі белгілейді.

Аудандық соттың өкілеттілігі

1. Аудандық сот бірінші инстанциядағы сот болып табылады.
2. Аудандық сот:
1) өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды.
2) сот статистикасын жүргізеді;
3) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Аудандық соттыңтөрағасы

1.Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:
1) сот судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2) соттың кеңесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3) азаматтарды қабылдауды жүргізеді;
4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады;
5) сот статистикасын жүргізу мен...
tracking img