Азаматтық құқық туралы қазақша реферат Жоспар Кіріспе І тарау. Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама ІІ тарау. Заңды тұлғалар 3.1 Заңды тұлға ұғымы 3.2 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Азаматтық құқық – бұл Қазақстан Республикасындағы құқық салаларының ішіндегі азаматтар мен заңды тұлғалар, мемлекет және оның әкімшілік бөлінісінің күнделікті өміріндегіқызметімен тікелей байланысты құқық саласының бірі болып табылады. ҚР-ның қолданыстағы құқықтық жүйесінде азаматтық құқық – құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың бірі. Басқа да салалар секілді, азаматтық құқық Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенеді, өтйкені оның 1-ші бабы адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары біздің мемлекетіміздің ең жоғарғықұндылықтары ретінде жарияланған. Республикадағы құқықтың барлық салалары жүйесінде азаматтық құқықтың маңызы, бірншіден, оның реттеу нысанасы болып табылатын қатынастардың шешуші рөліне, екіншіден, оның қолданылу аясының кеңдігіне, үшіншіден, оның жеке адамның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғаумен ажырамастай байланыстылығы. І тарау. Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама Азаматтық құқықдегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан. Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — заттарды, заттар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты құқықтар менміндеттерді иелену және пайдалану жөніндегі қатынастарды мүліктік деп түсінеді. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Әдетте мүліктік қатынастар объектісін ақшамен бағалауға болад. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктікқатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар. Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды. Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлыққұқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады. Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жекеқатынастар құрайды. Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.). Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлікбеделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады. Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс ор деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігінбілдіреді. Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі. Азаматтың құкықтың қағидаларына: • тараптардың теңдігі; •...
Поделиться рефератом
Расскажи своим однокурсникам об этом материале и вообще о СкачатьРеферат