Гигиена

  • 15 окт. 2014 г.
  • 1407 Слова
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі«6M073100 - ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ» мамандығы бойынша
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ
БАҒДАРЛАМАСЫ



















АЛМАТЫ 2012




Емтихан тақырыптарының тізімі

«Өндірістік санитария» пәні
1. Өндірістік микроклимат.
Өндірістікмикроклимат сипаттамасы. Өндірістік микроклимат параметрлері: ауа температурасы, ылғалдылығы, ауа ағыны және өндіріс бөлмелерінің микроклиматын қамтамасыз ету. Микроклимат параметрлерін анықтау, өндірістік микроклиматтың адам ағзасына әсері.
2. Өндірістік зиянды факторлар.
Өндірістік шу, өндірістік діріл. Шудың, дірілдің адам ағзасына әсері, олардың әсерін төмендету шаралары.
3. Өндірістік жарықтандыру.Табиғи және жасанды жарықтандыру сипаттамасы. Табиғи және жасанды жарықтандыру түрлері және оны нормалау. Жасанды жарықтандыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
4. Еңбек физиологиясының негіздері.
Еңбек және жұмыс. Еңбек түрлерінің сипаттамасы. Жұмыс қабілетін сақтау және еңбек өнімділігін арттыру жолдары.
5. Өнеркәсіп кәсіпорындарын жобалаудың санитарлық нормалары.
Өнеркәсіп кәсіпорындардыжобалаудың жылыту, желдету, ауа үрлеуге арналған санитарлық нормалары.
6. Өндірістегі ауа температурасының ағзаға әсері.
Өндірісте ауаның жоғары температурасы әсер еткенде ағзада болатын физиологиялық өзгерулер түрлерінің сипаттамасы. Өндірісте ауаның төмен температурасы әсер еткенде ағзада болатын физиологиялық өзгерулер түрлері, сипаттамасы.
7. Жұмыс орнындағы метеожағдайлар.
Өндірісте жоғарғы қысымныңәсерінен ағзада болатын физиологиялық өзгерулер: биіктік ауруы, Кессон ауруы сипаттамалары. Өндірісте ағзаны қатты қызу мен қатты тоңазудан сақтау шаралары.
8. Ауадағы зиянды заттар және олардан қорғау.
Өндірістік шаңды жүйелеу, шаңның физикалық-химиялық қасиеттері: химиялық құрамы, дисперстілігі, пішіні, құрылымы, тығыздығы, адсорбциялық қасиеттері. Өндірістік шаңның адам ағзасына әсері, шаңды нормалау жәнепрофилактикасы.
9. Өндірістегі ЭМӨ.
Өндірістегі электромагниттік өріс, сәулелену көздері. Лазер, ультракүлгін, иондаушы сәулелер. Электромагниттік өрістің адам ағзасына әсері.

10. Өндіріс бөлмелерінің параметрлерін анықтау.
Өндіріс бөлмелерінің температурасы және оны анықтау. Өндіріс бөлмелерінің ылғалдылығы және оны анықтау.
11. Жарықтандыру түрлері және оларды бағалау.
Табиғижарықтандыруды, жасанды жарықтандыруды бағалау және есептеу.
12. Шуды анықтау және одан қорғану.
Шудан қорғанудың жеке бас қорғаныс құралдары. Олардың әрбір түрлеріне сипаттамасын келтіру. Шуды анықтау және санитарлық бағалау, шуды нормалау әдістері. Шудың алдын алу.
13. Дірілді анықтау және одан қорғану.
Дірілді анықтау. Дірілден қорғайтын ұжымдық және жеке бас қорғаныс құралдарының түрлері, сипаттамасы.14. Өндірістік шаң және улы заттарды анықтау.
Өндірістік шаңды анықтау әдістері. Өндірістік бөлмедегі улы заттарды анықтау.
15. Шаңнан және электромагниттік өрістен қорғанудың жеке бас қорғаныс құралдары.
Шаңнан қорғанудың жеке бас қорғаныс құралдары, сипаттамасы. Электромагниттік өрістен қорғанудың жеке бас қорғаныс құралдары, сипаттамасы.
16. Өндірістік шаңды анықтау.
Өндірістік шаңдыанықтау әдістері мен құралдары. Өндіріс ауасындағы шаңды анықтау және есептеуді жургізудің жүзеге асырылуы.
17. Жарықтандыру параметрлері.
Жарықтандыру параметрлерінің адам ағзасына әсері. Жарықтандыру параметрлері, өлшем бірліктері.
18. Өндірістік улар және уланулар.
Маңызды өндірістік улар. Ағзаға улардың түсу жолдары. Уланудың алдын алу.

«Радиациялық...