Информатика

  • 16 сент. 2015 г.
  • 287 Слова
Сел (арабша сайль — жойқын тасқын) — таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болатынтабиғаттың жойқын құбылысы.
Тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен ағыла қүлауымен сипатталатын, кенеттен басталып, барынша қарқынды өтетін мейлінше залалды құбылыс; әдетте нөсер жауындар әсерінен,кейде тау шатқалдарындағы қардың не мұздықтың жаппай еруінен туындап, шағын өзенше аңғарлары мен жылғалар бойын қуалай құлайды.
Сел тасқыны құрамына қарай саз-балшықты, тастыбалшықты және сулы-тастыселдер болып үш түрге бөлінеді.
Сел жолындағы борпылдақ шөгінділерді шайып, қатты тау жыныстарын бұзып, ағаштарды түбірімен қопарып, салмағы ондаған тонналық үйтастарды ағызып әкетеді. Сел Қазақстанның ІлеАлатауы, Жетісу Алатауы, Сауыр, Тарбағатай, Алтай тауларындағы Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қаскелең, Есік, Талғар, Текелі, Сарқант, тағы басқа өзендердің алаптарында жиі болып тұрады.
1887 жылы жер сілкінуәсерінен Алматы қаласында көлемі 440 млн. м3 болатын ірі тастарды ағызып әкелген күшті, лайлы сел болды.
1928 жылы қатты нөсер жауын салдарынан Іле Алатауының терістік беткейінде 20-дан астам сел болыпөтті.
Нөсер жауындардан соң 1921 жылы, 1941 жылы Кіші Алматы, 1950 жылы Үлкен Алматы, 1959 жылы Текелі өзендерінде жойқын селдер болды.
Сел алдын алу
1963 жылы шілде айында бірнеше тәулікке созылған ыстықаптаптың әсерінен мұздық пен қардың мол еруінен Жарсай мұздығындағы көл суы ернеуінен асып, жарты сағат шамасында Есік көліне шамамен 6 млн. м3 лай мен тасты ағызып әкелді.
Сел қаупі күшті өзендергебөгеттер салу, каналдар қазу, ағаштар отырғызу және алдын-ала болжау, халыққа хабарлау жұмыстарын ұйымдастыру сел апатының зардабын кемітетін шаралар. Алматы қаласын сел апатынан қорғау үшін 1966 жылыМедеу шатқалында дүние жүзінде алғаш рет тауды бағыттап қопару әдісімен Медеу бөгеті салынды. Ауданы 40 мың км2 жерге селге қарсы ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкциялық...
tracking img