Сәбит мұқанов өмірлік жолы

  • 06 февр. 2011 г.
  • 1119 Слова
Сәбит Мұқанов
(1900-1973)
Сәбит Мұқанов – қазақтың әйгілі жазушысы, қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.
Оның есімін жалпы қазақ оқырманына кеңінен танытқан «Сұлушаш» дастаны, «Адасқандар» романы осы кезде өмірге келді. Осыларға жалғаса жазылып, бірінен кейін бірі жарық көрген «Майға сәлем» (1933), «Советтік армия» (1934) атты өлеңдері, «Ақ аю»поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938) және осылар тәріздес толып жатқан шығармалары қазақ әдебиетінің дамуында ерекше рөл атқарады.
Сәбит Мұқановтың туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданы.

Ол кездегі қазақ ауылындағы жалғыз-оқу молда болған. Жас Сәбит осы молдадан оқып арабша хат таниды. Ел арасына көп тараған қисса – поэмаларды оқитындай сауаты ашылады. Әуелден өлең-жырға,ертегі – әңгімеге әуес бала там-тұмдап әдебиет үлгілерін тауып оқи бастайды. Ол кездегі азын аулақ қазақ кітаптарында ескі өзбек немесе татар тілдері араласып келетін.
Әке шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына жалданып, қой бағумен өткізген Сәбит өзінің талаптануымен хат танығанымен, мұғалім алдын көріп, жүйелі білім ала алмайды. Тек он сегізге толғанда, Омбы қаласынабарып, мұғалімдер курсында оқуға мүмкіндік туады. Оны бітіргеннен кейін ауылға барып, біраз мұғалім болады. Осында ауылды кеңестендіру жұмысына белсене араласып, таптық күрестің Көкшетау облысындағы оперативтік өкілі және партияның Ақмола губкомының нұсқаушысы қызметін атқарады. Бұдан кейін 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа түсіп, оны бітіріп шыққаннан соң, баспасөз орындарында жұмыс істейді. Сол жылдарыорысша үйреніп орыс әдебиетінің үлгілерімен танысып, поэзияның үлкен дариясына сусындайды, алуан түрлі жандарды ғажайып бейнелерді ол сонан көреді.
1926 жылы рабфакты бітіріп шыққан соң «Батырақ», «Октюябрь өткелдері», «Сұлушаш» поэмаларын жазады. 1926-1928 жылдары республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, баспа орындарда қызмет істейді. Осы кезге дейін атқарған сан салалықызметінде болсын, шығармашылық өрлеу жолында болсын, ілгерлеудің басты кепілі терең білім екенін, онсыз көздеген мақсатында жету мүмкін еместігін айқын сезінген ол 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультетінде оқиды, Москвадағы Қызыл профессура институтының әдебиет бөліміне түсіп, оны 1935 жылы бітіріп шығады. Осы кезеңде ол белгілі «Майға сәлем!» өлеңін, «Ақ аю» поэмаларын жазады.
1935жылы ол жаңадан шыға бастаған «Қазақ әдебиеті» газеьінің редакторы болып істеді. 1937 жылы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарды.
Бұл кездегі Сәбит Мұқанов қаламынан шыққан ірі туындылар «Ботагөз» романы (1938, бұрыңғы аты «Жұмбақ жалау»), «Менің мектептерім» (1941), «Колхозды ауыл осындай» (1937) сияқты шығармалар.
1943-1951 жылдары ол екінші рет Жазушылар одағының төрағасы болды.1950 жылдары ол «Сырдария» романын, «Шоқан Уәлиханов» пьесасын жазды. Кейін бұрынырақ жарияланған екі томдық «Өмір мектебі» кітабының жалғасы ретінде «Есею жылдары» деген өмірбаяндық романын жазып шығарды.
1947-1963 жылға дейін Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
Оның 1974 жылы жарық көрген «Халық мұрасы» деген тарихи этнографиялық шолуы халқымыздың мәдениеті, өнері, тілі, материалдық игіліктеріжайында жазылған ерекше құнды зерттеу еңбек болды.
Поэзиясы.
Ол революция қарсаңында жалпы адам өмірі туралы, көңіл күйі туралы өлеңдер жазған. Соның ішіндегі ең маңыздысы – 1919 жылы жазылған «Бостандық» өлеңі. Бұл өлең қазан төңкерісі шын мағынада еркіндік әкелді деген кешегі күнге дейін айтылып келген ұғымға саяды.
1920 жылы жазған «Кедей баласы» өлеңінде Сәбит сол революциялық тақырыпты онан әрікеңейте түседі, таптық қырын өткірлей береді. Қанаушы таптың қазақ ауылындағы сұрқиялары бай, би, молдалар, олардың қолданар әдісі алдау, арбау, дінмен көзді байлау деп ұғады ақын.
Ақын 20-шы жылдары қазақ ауылы, қазақ кедейінің халі, шаруалар тұрмысы жөнінде көптеген өлеңдер жазады. Оның бастылары «Шоқпыттың шаруасы», «Сүт заводы», «Қазақстан», «Жолы жоқтар біздің...
tracking img